ШҚОҚылмысТОПШҚО

Өскеменде 75 блок темекі ұрлаған күдікті ұсталды

Өскемен қалалық полиция қызметкерлері дүкеннен 75 блок темекі ұрлаған тұлғаны қолға түсірді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол дүкенге терезедегі торды бұзып кіріп, 75 блок темекі ұрлап, дүкенге 280 мың теңге шығын келтірген. Тергеу барысында ол ұрланған заттың жартысын сатып жібергені де белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button