ҚоғамҚоғамСемейТОП
Семейде «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
16 – 18 маусымда Семейде адам сату, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық фактілерін алдын алу, жолын кесу мақсатында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Семей қалалық криминалдық полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтар, яғни жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық анықталды. Екі сауна әкімшілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жезөкшелікпен айналысқан 6 тұлғаға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды. Аталған тұлғалар ҚР ІІМ базасына есепке алынды.
Semey News