ҚоғамҚоғамСемейТОП

22 маусымда Семейдің кейбір көшелері ауыз сусыз қалады

Семейде сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыз су тоқтатылады, деп хабарлайды Semey News.

«Семей Водоканал» МКМ хабарлауынша, сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2021 жылғы 22 маусымда сағат 09:00-ден сағат 17:00-ге дейінгі аралықта «Треугольник», «905 құрылыс» аудандарында; 14-ықшам ауданында; Түрксіб көшесі, 49, 51, 53 үйлерде; Қарқаралы көшесі 22, 24 үйлерде; Цементшілер көшесінен Спартак көшесіне дейінгі және Глинки көшесінен Галето көшесіне дейінгі, Рысқұлов көшесінен Жастар көшесіне дейінгі, Галето көшесінен Қашаубаев көшесіне дейінгі аудандарда ауыз су уақытша тоқтатылады.

Қала тұрғындарына, қалалық кәсіпорындар мен мекеме басшыларына өтініш, тәуліктік су қорымен қамтамасыз етіп және қалыпты жұмыс істеу және өрт сөндіру үшін барлық шараларды қабылдауды сұрайды.

«Семей Водоканал» МКМ әкімшілігі туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button