ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

Бородулиха ауданында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша үйлер салынып жатыр

ШҚО Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында «Нұрлы Жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында орталық су жүйесіне қосылған, екі пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылысты жеке мердігер «Фалько» ЖК салып жатыр. Қазіргі уақытта бригада қабырғалардың құрылысын аяқтады, үйлердің біреуінің шатыры да жабылды. «Нұрлы Жер» бағдарламасының талаптарына сәйкес, әр пәтердің ауданы 85 шаршы метр.

Кең Дала ауданындағы үйлердің орналасқан жері жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге қолайлы. Бұл өте маңызды, өйткені тұрғын үй аз қамтылған отбасыларға беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, биыл Бородулиха ауылында, соның ішінде Кең Дала учаскесінде су құбырының 3-ші кезеңі пайдалануға берілді. Яғни, жаңа тұрғын үйлер орталық ауыз су жүйесіне қосылады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button