ШҚООқиғаТОПШҚО

WhatsApp-та әпкесін қорлағаны үшін жазаланды

ШҚО тұрғыны әпкесінің WhatsApp-на балағат сөздермен аудио жазба жазып, әпкесі мен оның күйеуін қорлағаны үшін ол 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың күзінде ШҚО тұрғыны әпкесімен және оның күйеуіне әдепсіз қарым-қатынас негізінде әпкесінің WhatsApp “на” әдепсіз сөздермен аудио хабарлама жіберген. Жәбірленуші жазбаны сақтап, оны сотқа берген. Әпкелер арасында анасының мұрасына байланысты жанжал шыққан.
– Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тағайындады.
Сотталған пробация қызметінде есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті органға жіберілді. Сондай-ақ пробация қызметінің инспекторлары әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және одан әрі жұмысқа орналастыру туралы мәселені қарастыруда, деді пробация қызметінің бастығы Алмас Бұйратов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button