ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

ШҚО полициясы – ескі жекежай иесінің ешкімге шағым-талаптары жоқ

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде Семейдегі ескі жекежай ғимаратының бұзылуына қатысты түсіндірме берді, деп хабарлайды Semey News.

2021 жылғы 17 маусымда Семей қалалық полиция басқармасына «102» жедел арнасына «Өлкетану қоғамының» төрағасынан Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 187 мекенжайында орналасқан ғимараттың бұзылуына қатысты хабарлама түсті.

Аталған факті Орталық полиция бөлімінде ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді.

Орталық полиция бөлімінің қызметкерлерімен тексеру жүргізілді. Тексеру барысында аталған ғимарат мәдени құндылық (республикалық және жергілікті маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне кірмейтіні) болып табылмайтыны анықталды.

37 жасар ғимарат иесінің ешкімге шағым-талаптары жоқ, келтірілген зиян ол үшін шамалы ғана.

 

Естеріңізге сала кетсек, жоғарыда аталған мекенжайда орналасқан ескі жекежайды 16 маусымда белгісіз біреулер қиратпақ болған. Алғашқылардың бірі болып көршілері дабыл қақты. Олар белгісіз біреулер техника әкеліп, трос тартқандарын, ғимарат қабырғасының бұрышын бұзғанын байқаған.

  • Өткен аптада Даниал Кенжетайұлы бізге ғимарат иесіне басқа учаске беруге тапсырма берді. Тарихи-мәдени сараптама қорытындысын алғанға дейін барлық жұмыстар тоқтатылды. Меншік иелері болған оқиға туралы білмейтіндіктерін жеткізуде, – деп 17 маусымда Семей қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Назерке Аққожина хабарлаған болатын.

8 маусымда Семей қаласында болған жұмыс сапары барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов ескі жекежайда болып, ғимаратты сақтап қалуға және тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізуге тапсырма берген болатын.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button