
Ол жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған.
Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, жалға берілетін пәтерлер мен қонақ үйлерді тексерді. Жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстауының 3 фактісі анықталды. Олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті тұлғалар өз кінәларын мойындады, енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 1 фактісі анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 28 адам тартылды (қоғамдық орындарда тиісу үшін), профилактикалық есепке 7 адам қойылды.
Semey News