
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы қазіргі Facebook әлеуметтік желісін пайдалану ережесінің талаптарына байланысты ШҚО әкімдігі аккаунтының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Оның орнына жергілікті атқарушы органның https://www.facebook.com/EastKazakhstanRegion ресми парақшасы ашылды. Жаңа парақшада аймақтың басқарушы органдарының ресми хабарламалары, жаңалықтары мен ақпараттық фото-бейнематериалдары жарияланады. Айта кету керек, ақпараттың барлығы Shygys PRESS атауымен таратылады.
Бұрынғы аккаунт (https://www.facebook.com/shygysqazaqstan/) енді жұмыс істемейді. Тек осыған дейін жарияланған ақпараттарды ғана оқуға болады.
Жанжігіт Омархан жаңа ережелерге сәйкес мемлекеттік мекемелердің, коммерциялық компаниялардың, коммерциялық емес қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктердің әлеуметтік желілерде парақшалары болуы тиіс екенін, Facebook компаниясы аккаунт жұмысын шектейтінін түсіндірді.
Сондай-ақ, 15-маусым күні жұмысқа кіріскен облыс әкімінің баспасөз хатшысы аймақ әкімдігінің ресми медиа ресурстарының жаңартылған тізімін жариялады. Солар арқылы облыс әкімі мен жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпарат таратылады:
– ресми сайт http://akimvko.gov.kz/
– жаңа телеграм-канал https://t.me/shygyspress
– Инстаграмдағы жаңартылған парақша https://instagram.com/akimatvko
– Фэйсбуктегі жаңа парақша https://www.facebook.com/EastKazakhstanRegion
Баспасөз қызметінің электронды поштасы өзгерген жоқ: akimvkopress@gmail.com.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі шығысқазақстандықтарды және журналист-әріптестерді маңызды әрі қызықты оқиғалардан хабардар болу үшін және ресми жаңалықтарды бірінші болып оқитындардың қатарында болу үшін парақшалар мен телеграм-каналға жазылуға шақырды.
Semey News