ҚоғамҚоғамСемейТОП

Семей гарнизонында әскери жоғарғы оқу орнының курсанттары машықтанудан өтуде

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеті курсанты Семей гарнизонының әуе қорғаныс әскерлері бөлімшелерінде машықтанудан өтуде, деп хабарлайды Semey News.

Машықтану ағымдағы жылдың 25 мамырынан 22 маусым аралығында өтеді. Курсанттарға тәжірибелік көмек көрсетіп, олардың машықтануына бақылау жүргізетін тәлімгерлер бекітіледі. Курсанттардың машықтануда алған білімдері, тәжірибелері олардың келешек әскери қызметінің негізі болады.

  • Әскери машықтану қызметтің барлық жауапкершілігін толығымен сезінуге мүмкіндік береді. Машықтану барысында біз жеке құраммен, сондай-ақ қару-жарақпен және әскери техникалармен жұмыс жасауда құнды тәжірибе жинаймыз, – деп атап өтті төртінші курс курсанты Мейрам Жарылғапов.
Фото: Семей гарнизоны

Semey News

Осы айдарда

Back to top button