ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

Өскеменде үш бірдей төте бұрылыстың құрылысы аяқталды

Өскеменде үш бірдей оң жақ төте бұрылыстың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар Instagram-да жазды. Енді жүргізушілерге Қабанбай батыр – Қазақстан, Байбатчин – Сәтпаев және Рейша – Сәтпаев қиылысында оң жақ төте бұрылыс ашық.

 

Әкімнің айтуынша, төте бұрылыстар әлі де абаттандырылып жатыр. Бастысы, асфальт төселген. Көліктердің қатынауына еш кедергі жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button