ҚазақстанПрезидентТОП

Президент: зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу — баршаға ортақ парыз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. 

Президент зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты.

— Ғылымды қолдау, ғалымдарға ел болып құрмет көрсету, бұл — ең алдымен қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық құндылықтарын орнықтыру деген сөз.

Халқымыздың ойы озық болса, өскелең ұрпақтың да ғылым-білімге деген ықыласы айрықша болары анық. Зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу — баршаға ортақ парыз. Оған мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты.

Мен былтыр «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін құру туралы тиісті Заңға қол қойдым. Бұл жүйе арқылы ата-аналар баласының болашақта сапалы білім алуына қаражат жинай алады.

Қазірдің өзінде 200 мыңға жуық азамат арнайы есепшот ашты. Мұны болашаққа салынған ең ұтымды инвестиция деуге болады, — деді Президент.

Айта кетелік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-zerdel-ar-ziyatker-urpak-tarbieleu-barshaga-ortak-pariz-c1e397/

Осы айдарда

Back to top button