Сарбаздың анасы әскерлер қолбасшысымен кездесті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Жеңіс Маралов әскери бөлімдерге жоспарлы аралау барысында 28738 әскери бөлімі мерзімді қызметінің үздік сарбаздың анасы – Әсемгүл Данджановамен кездесті.
Оның ұлы, 1-ші дивизионның 1-ші зениттік-артиллериялық батареясындағы бөлімше командирі, кіші сержант Асанәлі Жұмағұлов қызмет өткеру кезінде өзін тәртіпті, жауапты және үлгілі әскери қызметші ретінде көрсетті.

Жылы әңгімеде сарбаздың анасы ұлының қызметі туралы өз әсерімен бөлісті және тәрбиесі мен қолдауы үшін қолбасшылық құрамға алғысын айтты. Кездесу соңында қолбасшы Асанәлі дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, оны інісі Ерсұлтанға үлкендердің үлгісіне еріп, әскери қызмет өткеруді ұсынды.
Айта кету керек, кіші сержант Асанәлі Жұмағұлов жауынгерлік дайындықтағы жетістіктері үшін қол сағатпен, ал сарбаздың анасы еліміздің нағыз патриотын тәрбиелегені үшін Қорғаныс Министрінің алғыс хатымен марапатталған болатын.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі


