СемейТОПЭкология

«Таза Қазақстан»: Семей қаласында жалпықалалық сенбілік өтті

Облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Қала тазалығына арналған бұл игі шараға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы, мемлекеттік қызметшілер, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары белсене атсалысты.

Сенбілік тек қаланың орталық көшелерін ғана емес, сонымен қатар шеткері аумақтарды да қамтыды.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаланың ірі, орта, шағын және сауда кәсіпорындары белсенді түрде атсалысуда. Облыс әкімінің үндеуінен кейін қаладағы ірі, шағын, орта және сауда кәсіпорындар арасында алғашқылардың бірі болып «Силикат» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ЖШС, «УК «Юнис» ЖШС, «Gaz&Мұнай» ЖШС, «EcoPetrol» ЖШС, «Эйкос» ЖШС,«Bayazit Life» ЖШС, «Park City» СҮ, «Апрель» СҮ, «Avenuе» СҮ, «Adalin» СҮ,«Asima» СҮ, «Smart» СҮ және тағы басқа бизнес нысандар сенбілікке шықты.

Қатысушылар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Бұл бастама тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етті.

Семей қаласында 20 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button