Семей
Қала әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 30-ға жуық тұрғын келіп, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері қатысты.
Жеке қабылдау барысында баспана, абаттандыру, жол жөндеу, аялдама жай-күйі және кәсіпкерлікке қатысты мәселелерді көтерді.
Қала басшысы қабылдауда азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын заңды тұрғыда түсіндірді. Және тиісті бөлім басшыларына, нақты тапсырмалар берді.



