Абай облысыСемейТОП

«Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Биылғы 26 ақпанда Семейдегі Бейбітшілік аралында «Абайға құрмет» акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тартуы ретінде Рәміздер алаңының іргетасы қаланып, құрылыс жұмысы басталған болатын.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 12 техника жұмылдырылып, 30-дан астам адам еңбек етуде.

Жобаға сәйкес алаңның диаметрі 28 метрді құраса, жалпы биіктігі 35 метр болады. Заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан нысан қаланың сәулеттік келбетіне ерекше сән бермек.

Рәміздер алаңының құрылысы 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button