Абай облысыТОП
Бесқарағайда «Қаладан – ауылға» жобасы бойынша Call-орталық ашылды

Бесқарағай ауданында «Қаладан – ауылға» жобасы аясында қоныс аударуға ниетті азаматтарға қолдау көрсету мақсатында арнайы call-орталық жұмысын бастады.
Егер Сіз Бесқарағай ауданына көшіп келуді жоспарлап, бағдарлама шарттары, әлеуметтік қолдау шаралары немесе бос жұмыс орындары туралы ақпарат алғыңыз келсе – қажетті мәліметті осы орталық арқылы ала аласыз.
Ұялы телефон: +7 777 515 7232
Байланыс телефоны: 8 (72-236) 9-07-07
Бесқарағай ауданы жаңа өмір бастауға ниетті жандарды құшақ жая қарсы алады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ



