
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Алтай ауданында “Алтай-Зубовск” тас жолының 14-ші шақырымында болған. «Нива Шевроле» және «Toyota Windom» көліктері соқтығысқан, екі көлікте жол жиегіне ұшып кеткен.
“жарақат алған екі тұлғаны жедел-жәрдем қызметкерлері өздігімен алып шықты, ал тағы бір тұлғаны автокөліктен оқиға орнына келген құтқарушылар құрал-сайман көмегімен алып шықты”, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.
Жарақат алғандар Алтай ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды.

Semey News