Абай облысыМерекеТОП

Абай облысында Наурыз мерекесі кезеңінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда

Наурыз мерекесін атап өту кезеңінде Абай облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды.

Орталық алаңда жеке құрамның гарнизондық таралымы өтіп, оның барысында Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Базаров мереке күндері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған күштер мен құралдардың дайындығын тексерді.

Сонымен қатар, Абай облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті. Кеңес барысында Департамент бастығы, полиция полковнигі Эльдар Данияров жеке құрамды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, бөлімше басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

Өз сөзінде ол:

«Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару секілді жауапты міндет жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Әрбір тұрғынның өтінішіне мұқият қарап, қамқорлық пен ілтипат танытып, сыпайы әрі әдепті болу – басты талап. Халық полиция мен Ұлттық ұланның әрдайым тәртіп күзетінде екеніне сенімді болуы тиіс», – деп атап өтті.

Осы айдарда

Back to top button