
Құрметті семейліктер!
Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Отыз күн бойы сабырлық пен шүкіршілікті серік еткен әрбір ораза ұстаушының жүрегі нұрланып, иманы нығайып, рухани биіктікке бет алады. Бұл – адам бойындағы ізгі қасиеттерді арттырып, мейірім мен жанашырлықты тереңдететін тағылымы мол кезең.
Ораза айында жасалған әрбір игі іс, берілген садақа, айтылған жылы сөз – қоғамымызға шуақ шашып, бірлігімізді бекемдей түседі. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналамызға қамқорлық таныту – осы мерекенің басты мәні мен мағынасы.
Айт күні әр шаңыраққа қуаныш, береке мен шаттық әкелсін! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық, дастархандарыңызға молшылық нәсіп етсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, ырыс-несібе және толайым табыс тілеймін!
Ораза айт қабыл болсын!
Ізгі ниетпен,
Семей қаласының әкімі
Әділет Нұрсағатұлы



