ШҚООқиғаТОПШҚО

Жол апатынан бір адам зардап шекті – Өскемен

Кеше Прапорщиково ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен-Шемонаиха тас жолында “Nissan Cefiro” маркалы көліктің 27 жастағы жүргізушісі облыс орталығына қарай келе жатып, қарама-қарсы  бағытта келе жатқан “Nissan Terrano” маркалы жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан.

 

– Соққыдан жеңіл көлік жол жиегіне ұшып кетті.

 

Жол апаты салдарынан жолаушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Апатқа кінәлі тұлғаға  ҚР ӘҚБтК – нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button