
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 18 маусымда сағат 16.00 шамасында Доссор-Құлсары тасжолында болған. Toyota Camry жолаушылар автобусымен соқтығысты. Үш адам оқиға орнында қайтыс болды. Әртүрлі жарақат алған екі зардап шегуші Мақат облыстық ауруханасына жеткізілді. “Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережелерін бұзу әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмғаны туралы жазған едік.
18 маусым сағат 19:20 шамасында Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы, ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный айналма тас жолы жағынан Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпіріне қарай солға бұрылу маневрін жасау кезінде ГМЗ айналма тас жолы бойымен ГМЗ жағынан Заречный жағына басты жолда келе жатқан ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.
Semey News