ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

Балаңның өмірін сақта – су айдындарына жалғыз жіберме

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстанда 5 бала суға батып кетті, деп хабарлайды Semey News.

Балалардың су айдындарында ата-аналарының қарауынсыз болулары қауіп деңгейін арта түсіреді. Шығыс Қазақстанда құтқарушылар қауіпті учаскелерге күнделікті рейдтер жүргізуде. Облыс орталығының құтқарушыларымен жүргізілген рейдтер барысында қауіпті учаскелерден ата-анасының қарауынсыз қалған 10 – 15 бала анықталды. «Ата-аналарың қайда?»-деген сұрақтарға, олар тек иықтарын көтерді, кейбір ересектер балаларының қайда екендерін білмейді. Құтқарушылар балалармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтар жүргізді және осындай қауіпті учаскелерге суға түсуге болмайтынын, сонымен қатар суға шомылғанда арнайы жабдықтар киюлерін жеткізді.

Фото: ШҚО ТЖД

«Біз балаларға бекер алаңдамаймыз, олардың көбі суға жүзе алмайды, ал олар демалуға таңдаған орындарда су өте терең, ағындары қатты және де бұл жерлерде құтқарушылардың бекеті жоқ. Егерде оқыс жағдайлар орын алса, онда оларға ешкім көмектесіп үлгермейді», – деп атап өтті Өскемен қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Дастан Ахметов.

Жаз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апарады.

ШҚО ТЖД балаларыңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды сұрайды. Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде  су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеді.

 

  • Қоршау белгісінен әрі жүзуге!
  • Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
  • Балаларды қараусыз қалдыруға!
  • Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
  • Суда ойнауға!
  • Жалған айқай, қатер белгісін беруге!
  • Өтіп бара жатқан катерге, қайыққа жақын жүзуге!
  • Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!
  • Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
  • Таныс емес жерге сүңгуге!
  • Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!
  • Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!
  • Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма!
  • Жалғыз шомылмауды!
  • Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.

Осы айдарда

Back to top button