ҚазақстанТОПЭкономика

ККМ және POS-терминалдар: айыппұлдан құтылу үшін әрбір кәсіпкер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.

Бұл ретте салық заңнамасында өзгеше көзделмесе, БКМ тізіліміне енгізілген модельдерді ғана қолдануға рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Салық кодексінде кейбір тұлғалар үшін БКМ қолданудан босатылатын жағдайлар қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының 2-тармағына сәйкес, БКМ-ды қолданудан босатылады:

▪️ жеке тұлғалар;

▪️ жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;

▪️ қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсететін тұлғалар, билеттер беру арқылы.

Қоғамдық қалалық көліктің билет нысаны көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен, уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі;

▪️ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

▪️ екінші деңгейдегі банктер;

▪️ діни бірлестіктер;

▪️ Ұлттық пошта операторы, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда;

▪️ арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыратын тұлғалар.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының 3-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді беру функциясы жоқ БКМ-ды қолданады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының 4-тармағына сәйкес, қолма-қол ақшамен сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысулар жүргізетін сауда автоматтары мен төлем терминалдары деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ-мен міндетті түрде жабдықталуы тиіс.

Мемлекеттік кірістер органдары БКМ-ды қолдану кезінде салық заңнамасының талаптарын сақтау есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

Бақылау-кассалық машинаның болмауы үшін жауапкершілік

 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 284-бабына сәйкес, келесі жағдайлар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген:

▪️ бақылау-кассалық машинаның болмауы;

▪️ ақаулы бақылау-кассалық машинаны пайдалану;

▪️ мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген бақылау-кассалық машинаны қолдану.

Бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда кәсіпкерлік субъектісіне ескерту беріледі.

Егер құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалса, келесі мөлшерде айыппұл салынады:
▪️ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 15 АЕК;

▪️ орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 30 АЕК;

▪️ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 50 АЕК.

Анықтама үшін:

2026 жылы 1 АЕК мөлшері – 4325 теңге.

POS-терминалдың болмауы үшін жауапкершілік

 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 195-бабына сәйкес, егер заңнамада көзделген жағдайда төлем карталары арқылы төлем қабылдауға арналған POS-терминал болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда ескерту беріледі.

Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайта жасалса, келесі мөлшерде айыппұл салынады:

▪️ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 40 АЕК;

▪️ орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 60 АЕК;

▪️ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 80 АЕК.

Мемлекеттік кірістер органдары бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды қолдану талаптарын сақтау ақшалай есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға ықпал ететінін еске салады.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button