Абай облысында ұрлық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынының мүлкін ұрлады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу барысында күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, «Toyota Estima» маркалы автокөліктің кузовынан кабельді жасырын түрде алып кеткені белгілі болды.
Келтірілген материалдық шығын 500 000 теңгені құрады. Күдіктілер өз кінәларын толық мойындады.
Аталған дерек бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: қысқа уақыттық салғырттықтың өзі құқық бұзушылыққа жол ашуы мүмкін. Бөтеннің мүлкіне заңсыз қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.



