Абай облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады

17-20 наурыз аралығында өңірде көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған «Мигрант» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар жиі шоғырланатын орындар – құрылыс нысандары, базарлар, дәмханалар, асханалар және мигранттар жұмыс істейтін немесе болуы мүмкін басқа да кәсіпорындарда ауқымды тексерулер жүргізуде. Негізгі назар елде заңсыз жүрген тұлғаларды және қызметкерлерін белгіленген тәртіпте рәсімдемеген жұмыс берушілерді анықтауға аударылуда.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың уақтылы тіркелуін, олардың құқықтық мәртебесі туралы заңнама талаптарын сақтауын қадағалап, заң бұзушыларға қатысты шаралар қабылдауда.
ЖПІШ 20 наурызға дейін жалғасады. Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға көші-қон ережелерін сақтаудың және барлық қажетті құжаттарды уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді.



