Абай облысыДенсаулық сақтауТОП

Бородулиха ауданында гемодиализ орталығы ашылды

Бородулиха ауылында «BB Nura» емханалар желісінің гемодиализ орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа медициналық нысан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға мамандандырылған ем алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұнда 4 адам жұмыс істейді.

Жоба аудан әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәслихат депутаты, «Жерновское» ЖШС директоры Азамат Әубәкіровтің демеушілігімен іске асырылды. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов қатысып, ауыл тұрғындарының қажетті емді уақтылы әрі тұрғылықты жерінде алуын қамтамасыз ету — маңызды міндет екенін атап өтті.

Бүгінгі күні аудан бойынша шамамен 20 науқас гемодиализ процедурасын қабылдауда. Бұған дейін аудан тұрғындары өмірлік маңызы бар ем алу үшін облыс орталығына баруға мәжбүр болатын.

Орталық заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген және облыстық деңгейдегі медициналық қызмет көрсетеді.

Аталған орталықтың ашылуы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button