Абай облысы
Ортақ таңдау: теміржолшылар референдумда дауыс беруде

Жаңғызтөбе округінде орналасқан Мәдениет үйіндегі №348 референдум учаскесінде сағат 7:00-ден бастап дауыс беру белсенді түрде өтіп жатыр.
Ел дамуының маңызды салаларының бірі саналатын теміржол саласының қызметкерлері де сайлау учаскесіне ұжым болып келіп, дауыс беруге қатысуда.
Азамат Нұрғалиев өтіп жатқан референдумның маңыздылығын атап өтті:
— Біздің таңдауымыз бүкіл халқымыз үшін маңызды. Біз – қазақстандықтар – жарқын болашақты таңдаймыз. Бұл дауыс беру елімізде лайықты заңдар қабылданып, олардың тиімді жұмыс істеуі үшін өткізіліп отыр. Сондықтан біз, теміржолшылар, ұжым болып келіп, өз таңдауымызды жасадық, – деді ол.



