ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

Ертең бірқатар автобустарда электронды билеттеу жүйесі қосылады-Өскемен

Қоғамдық көліктердегі электрондық билеттеу жүйесі ертеңнен бастап бірқатар автобустарда іске қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қалалық әкімдігінің мәліметінше, электрондық билеттеуді толық енгізу шілде айының соңына ауыстырылды.

 

Яғни, әзірше барлық автобус маршруттарында жол жүру ақысы қолма-қол ақшамен төленетін болады.

 

19 маусымнан бастап жүйе тестілік режимде “VosCa” ЖШС және “РОСТ” ЖШС-ның №2, 3, 6б, 12, 13, 14, 17, 24, 33, 42, 46, 60, 67, 53, 224, 250, 256 маршруттарында өз жұмысын бастайды.

 

Аталған маршруттарда жол жүру ақысын OskemenCard көлік картасы арқылы да, қолма-қол ақшамен де төлеуге болады.

 

Сондай-ақ қарастырылған жеңілдіктер бұрынғыдай сақталады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button