Абай облысы

Жарма ауданы Бірлік ауылында тұрғындар референдумға белсенді қатысуда

Бүгін Жарма ауданына қарасты Бірлік ауылында орналасқан №342 референдум учаскесінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде.

Олардың қатарында ауылдың қазыналы қариясы Құбайдулла Сейтқазин да бар. Ақсақал ұлттық құндылықты ұлықтап, зерделі шапанын киіп, саяси науқанға арнайы келіп, өз таңдауын жасады.

Бүгін ел өміріндегі аса маңызды күн. Шын мәнінде, әр адамның дауысының маңызы зор екенін түсінуіміз керек. Ауданымыздың тұрғындары референдумға келіп, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіреді деп ойлаймын. Сайлаушылардың қатарында, әсіресе, көнекөз, қазыналы қарияларымыздың белсенділігі қуантады. Баршаңызға бүгінгі маңызды істе сәттілік тілеймін, – деді ауыл ақсақалы.

Айта кету керек, ауылдың аға буын өкілдері қоғамдық-саяси және мәдени іс-шараларға әрдайым белсене қатысып, кейінгі жас ұрпаққа бағыт-бағдар көрсетіп келеді.

Осы айдарда

Back to top button