СемейТОП

Семейде төрт жүзге жуық сарбаз референдумға қатысты

Ұлттық ұланның Семей қаласындағы 5511 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілері таңертең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Олар жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның жастар үшін маңыздылығы басым екендігіне тоқталды. 5511 әскери бөліміне Астана қаласынан шақыртылған Аян Сейітов Ата заңға енгізілетін оң өзгерістердің ел дамуына қосатын үлесі зор екендігіне сенімді.
Сонымен қатар, әскери бөлім командирі полковник Айбек Исенов те мерзімді әскери қызметшілермен бірге референдумда өз дауысын берді. Ол Ата заңның айбарын айшықтайтын мерейлі күнге баршамыз үшін жауапкершілігі жоғары сәт екендігіне тоқталып өтті.
Айта кетейік, референдум Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтуде. 18-19 жастағы сарбаздар сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button