Абай облысыТОП

Облыс әкімі Аягөздегі «Қамқор Локомотив» депосының жұмысымен танысты

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Аягөз қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Аягөз локомотив жөндеу депосына барды. Облыс әкіміне кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктері, қызмет бағыты және алдағы даму жоспарлары таныстырылды.

Аягөз локомотив жөндеу депосы 1930 жылы құрылған. Бүгінде кәсіпорын «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының ТЭ33А, ТЭ33АС және ТЭП33А сериялы тепловоздарына сервистік қызмет көрсетеді. Депода 130 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық жоспары бойынша 435 бірлік тепловозға қызмет көрсетіледі.

Депоның материалдық-техникалық базасы өндірістік цехтармен, электромашиналық және тепловоз экипаж бөлігіне қызмет көрсету бөлімшелерімен, қазандықпен, автокөлік бокстарымен және қоймалармен жабдықталған. Сонымен қатар кәсіпорында теміржол жылжымалы құрамы мен арнайы техника бар.

Кәсіпорын Абай облысымен қатар Алматы, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе және Атырау облыстарындағы теміржол тасымалы саласына сервистік қызмет көрсетеді.

Аймақ басшысы өндірістік нысанды аралап көріп, теміржол саласындағы кәсіпорындардың өңір экономикасындағы маңызы зор екенін атап өтті.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button