ҚазақстанҚазақстанОқиғаТОП

Ақтөбеде әйел жол апатынан көз жұмды: полиция куәгерлерді іздеп жатыр

Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, 40 жастағы жолаушы көз жұмды, тағы үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Semey News.

Оқиға 18 маусым кешкі 19:20-да болды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

“Toyota Hilux” автокөлігінің жүргізушісі ГМЗ айналма тас жолымен Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпірге қарай солға бұрылу кезінде ресейлік есептегі “ВАЗ2107” көлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан “ВАЗ2107” маркалы автокөлікте отырған 40 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында көз жұмды. Үш ересек және бір бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Ақтөбе облысының полицейлері жол апатын көрген куәгерлерді іздестіруде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button