Covid-19ШҚОДенсаулықТОПШҚО

Шығысқазақстандықтар «CoronaVac» вакцинасымен екпе ала алады

Шығыс Қазақстандағы медициналық мекемелерге короновирусқа қарсы «Sinovac» қытайлық биофармацевтикалық компаниясымен әзірленген «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы келді, деп хабарлайды Semey News.

«CoronaVac» вакцинасын Қазақстан аумағында қолдану Денсаулық сақтау министрлігімен  мақұлданған. Бұл COVID-19 індетіне қарсы күресуде Спутник V, QazVac және Hayat-Vax екпелерінің тізімін толықтырды.

11 маусымда Шығыс Қазақстанға қытайлық вакцинаның бірінші және екінші компоненттерінің 38 мың дозасы әкелінді. Бүгінгі таңда дозалар барлық медициналық мекемелерге таратылды. Бұл туралы пресс-конференция барысында денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ельмира Рахимбаева хабарлады. Оның айтуынша, аймақтан 19 мың тұрғын екпе ала алады. 9 500 дозадан Өскемен және Семей қалаларына бөлінді.

Бұл екпені 18 жастан асқан азаматтарға алуға рұқсат етіледі. Екі дозаның аралық интервалы – 14-28 күн. Короновирусқа қарсы басқа да препараттардағы сияқты қытайлық вакцинадада уақытша және тұрақты қолдануға болмайтын әсерлер бар. Вакцинаны, бұрын вакцинаға ауыр аллергиялық реакциялары болған адамдарға, ауыр жүйке жүйесімен ауыратын адамдарға, жүкті және емізетін әйелдерге, 18 жасқа дейінгі балаларға алуға болмайды. Иммунды мәртебесіне қарай, онкологиялық, АҚТҚ, ЖИТС аурулары бар тұлғаларға CoronaVac екпесін алуда өте мұқият болулары керек. Екпе алар алдында міндетті түрде учаскелік дәрігермен кеңескен жөн.

Ельмира Рахимбаеваның айтуынша бүгінгі күні Шығыс Қазақстан тұрғындары қалалық және аудандық медициналық мекемелеріндегі «Спутник V» және «CoronaVac» препараттарының бірін таңдай алады.

  • Ақпан айының басынан бастап біз отандық «QazVac» вакцинасының алты мың дозасын, 38 мың «CoronaVac» дозасын, 82 мыңға жуық «Спутник V» дозасын алдық. Тағы 82 мың «Hayat-Vax» дозасын алдық, қазіргі уақытта осы препаратпен екпе аяқталды. Жалпы алғанда 208 мың доза алдық. Қазіргі уақытта қолда 59 мың ресейлік препараттың дозасы бар. Кеше «Спутник V» вакцинасының екінші компонентінің 40 мың дозасын алдық, – деп атап өтті Ельмира Рахимбаева.

Осылайша 198 мың Шығыс Қазақстан тұрғындары короновирустан қорғанды. Қазан айына дейін 747 мың шығысқазақстандықтарды вакцинациялау жоспарлануда.

Өскемен қаласының № 2 емханасының учаскелік қызмет бөлімшесінің меңгерушісі Әйрерім Шәріпованың айтуынша, вакцина алу басынан бастап екпе егу пунктерінде шамамен тоғыз мыңға жуық адам иммундаудан өткен.

  • Басында біз медициналық қызметкерлерді, педагогтарды, полицейлерді және әскерилерді вакцинациялаудан өткіздік. Қазіргі уақытта қала тұрғындарымен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Адамдар сенбі, тіпті жексенбі күндері де келіп жатыр. Адамдарға қолайлы болуы үшін екпе егу пункттері күнделікті сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуде. Қазір «CoronaVac» вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін алдық, – деді Әйгерім Шәріпова.

Сонымен қатар өскемендіктерде АДК-River, «Император» және «Евразия» сауда үйлерінде орналасқан медициналық пункттерде екпе алу мүмкіндіктері пайда болды.

  • Барлық екпе пункттерінде вакцина саны жеткілікті. Біз халықтың созылмалы аурулармен ауыратын адамдарының басым бөлігін қамтығымыз келеді, себебі, осы тұлғалар короновирусты өте ауыр қабылдайды, – деді Ельмира Рахимбаева.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button