Абай облысы

Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау: Білім мен инновация – болашақ ұрпақ үшін стратегиялық басымдық

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Нұргүл Таудың кездесуі Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданындағы № 51 орта білім беретін мектепте дәстүрлі форматта өтті. Жиында коалицияның өңірлік филиалының мүшелері «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш және Абай облыстық мәслихатының депутаты Эльзира Солтабаева спикер ретінде сөз сөйледі.

Депутат Нұргүл Тау білім, ғылым және инновацияны дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Ол білім саласының өкілі ретінде бұл бағыттың стратегиялық деңгейде бекітілуі болашақ ұрпақ үшін маңызды басымдық екенін атап өтті. Сонымен қатар, сауатты ұрпақ тәрбиелеуде жаңа Конституцияның мықты мемлекет пен әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталғанын, сондай-ақ әрбір азаматтың әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беретінін айтты.

Коалиция мүшесі Алмас Айтмұқаш өз сөзінде білім беру саласында жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті: «Білім – біздің ең басты капиталымыз. Жастарға инвестиция салмай, болашақта тұрақты даму мүмкін емес», – деді ол.

Абай облыстық мәслихатының депутаты Эльзира Солтабаева инновациялық жобалар мен стартаптарды дамыту арқылы экономикалық өсімді арттыруға назар аударды:

«Жаңа идеялар мен технологияларды қолдау – тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, сонымен бірге елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға жол ашады», – деп бөлісті ойымен.

Кездесу қорытындысында спикерлер жастардың білім алуына, инновацияға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған бағдарламаларды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

 

Осы айдарда

Back to top button