Көпбалалы аналармен Конституциялық реформаны талқылау бойынша кездесу өтті

Көкпекті ауданында көпбалалы аналармен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті. Жиын барысында еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңызы кеңінен түсіндіріліп, ұсынылып отырған реформалардың қоғам дамуына ықпалы жан-жақты сараланды.
Кездесуде Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы – Мукашев Слямбек Насырбайұлы өз сөзінде Конституциялық реформаның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту екенін атап өтті.
Сондай-ақ көпбалалы аналардың қоғамдағы рөлі ерекше екенін айтып, олардың ұсыныс-пікірлері ел дамуы үшін маңызды екенін жеткізді. Кездесу барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік салаға, отбасылық саясатқа және ана мен баланы қолдау бағыттарына оң ықпал ететініне сенім білдірді.



