ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда түнгі уақытта көше кезген жүзге жуық жасөспірім анықталды

Шығыс Қазақстанда "Түнгі қаладағы балалар" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шараның алғашқы күні 119 рейд жүргізілді, 1132 нысан тексерілді. Нәтижесінде заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде жүрген 99 жасөспірім анықталды.

 

Айта кетсек, облыс орталығындағы шағын базарлардың бірінде түнгі сағат 23.00-ден кейін ата-анасыз жүрген 16 жастағы жасөспірім ұсталды. Ата –анасына ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

119 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкаголь өнімдерін сатқаны үшін 3 адам, кәмілет жасқа толмағандарға темекі және темекі өнімдерін сатқан 2 адам бар.

Осы айдарда

Back to top button