Абай облысыСемей

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалының мүшелері медицина университетінің ұжымымен жүздесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік мүшелері медицина университеті ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумда ұсынылатын жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды. Коалиция мүшелері университет қызметкерлеріне жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты мен оның әрбір азаматтың өміріне әкелетін нақты өзгерістері туралы ақпарат берді.

Коалиция мүшесі Алтай Дюсупов жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы бекітілгеніне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, медициналық қызмет көрсетудің заңдық негіздерін түсіндіріп, «Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiздерде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады» деп атап өтті.

Ұжым атынан коалиция мүшелеріне кешенді әрі мазмұнды ақпарат үшін алғыс білдіріліп, қызметкерлердің референдумға белсене қатысуға ниетті екені айтылды.

Айта кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы ел бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, азаматтардың жаңа Конституция жобасына қатысты барлық сұрағына жауап беруге дайын.

Абай облысындағы бұл кездесу – әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып, қоғамдық диалог пен кәсіби қауымдастықтың белсенді қатысуын арттырды.

 

Осы айдарда

Back to top button