Көрме «8-49» деп аталады. Михаил Пауцкий студиясында балалар да, ересектерде айналысады, көрменің атауы қатысушылардың жас мөлшерлерін көрсетеді.
– Бұл студияның бірінші көрмесі. Көрмеге әр түрлі жанрдағы, әр түрлі техникада орындалған 29 шығарма қойылды. Бұл шығармалардан туған қаламыздың белгілі пейзаждарын, натюрморттарын, портреттерін көруге болады, – деді мұражайда.
Қатысушылардың бірі Семейдегі тұңғыш телеграф ғимаратының суретін салса, енді біреулері үй жануарларының немесе туған қаланың көріністерін салған. Қатысушыларды, жастарына қарамастан – сурет салуға деген сүйіспеншілік біріктіреді.
Semey News