Семейдегі облыстық балалардың биологиялық орталығы 10-астам жаңа жануарлармен толықты
Олар алмазды және күміс түсті қырғауыл, шығыс колобусы, ява макакасы, лапундр. Ал, тұяқты жануарлардың ішінде ирек мүйізді ешкі және арқар мен муфлонның будандасқан түрі бар, деп хабарлайды Semey News.

Бүгінде олар бейімделу кезеңінен өтіп, өздерін жақсы сезінеді.
– Бұл жануарлардың ішіндегі көзге түскені – шығыс колобусы. Африканың орталық бөлігінде, Камерунда, Экваторлық Гвинея, Конго, Нигерия, Эфиопия, Чадта кездесетін жануардың басты ерекшелігі – құйрығының ұзын болуы. Осы уақытқа дейін тек ағаштарда мекен еткен шығыс колобусы, құйрығын тепе-теңдікті сақтауға ғана емес, жырқыштарды алшақтату үшін де қолданған,-дейді биологиялық орталықтың көпшілік шараларды ұйымдастыру әдіскері Ләззат Қайратқызы
Бұл орталықта ішінара түрлі шаралар да өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде мұнда мектеп оқушылары келіп, жануарлармен танысып, фенологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
– Қазіргі уақытта бізде жазғы лагерь жұмыс істеуде. Пандемия режіміне байланысты бір топта 7-10 бала ғана қамтылған. Мектермен келісімшарт жасалды. Тиісінше лагерь тегін. Біздің автобус балаларды алып кетіп, қайта мектептеріне жеткізеді,-дейді Ләззат Қайратқызы.
Осы ретте, орталық ұжымы өскелең ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеу мақсатында өз жұмыстарын жалғастыра бермек.

Semey News