Қазақстан

Жаңа Конституция жобасы өңірлермен онлайн форматта талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасын талқылау үшін өңірлермен онлайн кеңес өтті.

Кеңес барысында Марат Әзілханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жұмысына жан-жақты тоқталып, жаңа заң жобасының ел дамуындағы маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын өңірдегі этномәдени бірлестіктер бірлесе талқылап, қоғамдық ұйым өкілдері өздерінің ой-пікірлерін білдірді.

Жаңа Конституция жобасындағы Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы бойынша бірқатар ұсыныстар және қоғамдық келісімді нығайтуда ел азаматтарының ортақ жауапкершілігі айтылды. Кеңесе қатысқан өңіріміздің этномәдени бірлестік жетекшілері жаңа заң жобасын қолдайтындықтарын білдірді.

Осы айдарда

Back to top button