
Юность ықшам ауданының тұрғындары сапасыз суды пайдалануда, тұрмыстық техникалар істен шығуда, деп хабарлайды Semey News.
Құмды суды қалалықтар видеоға түсіріп әлеуметтік желілерге орналастыруда. Кадрлардан раковинаны түгелдей құмда екенін көруге болады.
«Мен сіздерден осы, Юность ықшам ауданында болып жатқан жағдайды түсіндіріп беруді сұраймын. Судан тонналаған құм алуға болады. Құбырдан аққан құм тұрмыстық техникаларды істен шығаруда және Юность ауданында тұратын адамдардың денсаулығына айқын зиян келтіруде. Бұл шектен шығу!», – деп шағымдануда осы аудан тұрғыны.
Тағы бір тұрғын құмның кесірінен кір жуғышының істен шыққанын жазуда.
«Біз күніне 4 рет құбарды тазалаймыз. Үйде үлкен адамдар мен кішкентай балалар бар. Суды пайдалану мүмкін емес, не іше алмайсың, не жуына алмайсың. КСК біздің кінәміз жоқ деп айтуда, ал «Горводоканал» жауап бере алмауда», – деп жазған 45-үйдің тұрғыны.
Естеріңізге сала кетсек, «Семей Водоканал» МКК 18 маусымда Юность ықшам ауданында сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін сумен жабдықтауда шектеулер болатынын хабарлаған.
Semey News