
– Реформалардың жаңа кезеңінде Қазақстанға қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізу үшін ауқымды платформа немесе трибуна қажет. Бұл платформа халқымыздың б бірлігіне ықпал ететін негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды қамтиды. Осыған сүйене отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды миссиялары іс жүзінде сәтті аяқталды деп санауға болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған екі институттың орнын басатын жаңа құрылым керектігін атап өтті.
– Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Халық Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай функцияларының стратегиялық сабақтастығын –Қазақ мемлекеттілігі мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін дәйекті нығайтуды сақтау өте маңызды деп санаймын, – деді Президент.
Халық Кеңесі төрағасының қоғамдық негізде ротациялық негізде тағайындалған екі орынбасары, сондай-ақ хатшылықтың басшысы болады.


