ҚазақстанПрезидентТОП

Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойламын. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді, сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойламын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://kaz.inform.kz/news/sir-el-zhurtshiliginin-boyinan-tugan-zherge-degen-kamkorlikti-koremn-prezident-891578/

Осы айдарда

Back to top button