Қала тарихыҚоғамҚоғамСемей

Семей әкімдігі ескі жекежай ғимаратын қирату фактісі бойынша полицияға жүгінді

Семей әкімдігі ескі ғимаратты қирату бойынша құқық қорғау органдарына жүгінді. Егер, жекежай меншік иесінің қолынан зардап шексе, онда оған қатысты қылмыстық іс қозғалады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, Семей қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі көпестік жекежай ғимаратының рұқсатсыз бұзылу фактісі бойынша құқық қорғау органдарына жүгінді.

«Семейде бұрынғы көпестік жекежайдың қабырғасы рұқсатсыз бұзылды. Аталған ғимарат қазіргі таңда тарихи маңыздылығын және сақтау дәрежесін анықтау мақсатында тарихи-мәдени сараптамадан өтуде», – деп баспасөз қызметінде түсіндірме берді.

Естеріңізге сала кетейік, ғимарат иесі оның жанына сауда үйін тұрғызған және ғимаратты бұзып, орнына көпқабатты үй салмақ болған. Семей қаласында болған жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кәсіпкермен кездесіп, жүздесу барысында құрылысты бастапқы қалпына келтіруге билік тарапынан қаражат бөлінетінін айтты. Сонымен қатар ол, жергілікті атқарушы орган ғимараттың тарихи құндылығын растау үшін қажетті құжаттарды дайындағанын жеткізді.

ШҚО мәдениет басқармасының ақпараты бойынша, ескі ғимаратқа жергілікті маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру процессі басталған, ал ғимарат иесі оның сақталуын қамтамасыз етуі қажет болған.

«Ғимарат әзірше тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне кірмейді, бірақта ағымдағы жылдың 9 маусымында тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысында жергілікті маңыздағы тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру сұрағы қарастырылды», – деп хабарлады ШҚО мәдениет басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Раушан Нұрмұханова.

Осылайшы, оның айтуынша, 9 маусымнан бастап жекежай иесі оның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс болған. Керісінше, ол ғимараттың бір қабырғасының бұзылуына жол берді. Осы факті бойынша Семей қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі құқық қорғау органдарына жүгінді. Егер, жекежай ғимаратының қабырғасы ғимарат иесінің қатысуымен бұзылса, онда оған қатысты қылмыстық іс қозғалады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button