Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Ақсуат ауданында бірнеше кәсіпкерлік нысандарының құрылысы жүргізілуде

2025 жылы Ақсуат ауданында шағын кәсіпкерлікті дамыту, кәсіп иелерінің шаруашылықтарын кеңейту, мүліктерін жаңарту және сауда орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс жүргізілді.

Қазіргі таңда ауданда 1961 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, тұрақты жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 107 заңды тұлға, 692 жеке кәсіпкер және 1162 шаруа қожалығы бар. Аудан аумағында 131 сауда дүкені, 1 сауда базары, 28 қоғамдық тамақтандыру орны, 53 қызмет көрсету нысаны, 7 жанар-жағармай құю стансасы, 7 дәріхана және 10 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетуде.

2025 жылы ауданда жеке кәсіпкерлердің бастамасымен бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілді. Аудан орталығында мейрамхана, екі тойхана, бес сауда дүкені және автокөлік жуу орталығы ашылды. Сонымен қатар, Екпін ауылында бір сауда дүкені мен екі монша өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта Ақсуат ауылында екі қабатты сауда және қонақ үй кешені, ауданға кіреберіс бөлігінде сауда және қоғамдық тамақтану нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек «Qazaq Oil Partners» бағдарламасы аясында жанар-жағармай және газ құю стансасының құрылысы қолға алынды. Аталған нысандарды 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беру көзделген.

Сонымен қатар, аудандағы шаруа қожалықтары облыстың индустрияландыру картасына енгізіліп, «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен несие алды. Аталған жобалар шеңберінде 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы, жасанды тоғандарда балық өсіру және 5000 бас қой шаруашылығын дамыту жобалары іске асырылуда. Бұл жобаларға бөлінген жалпы қаржыландыру көлемі 2,7 млрд теңгені құрайды.

Ауданда өндірістік бағыттағы жобалар да жүзеге асырылуда. Жеке кәсіпкерлер тарапынан ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу, ет және сүт өнімдерін өндіру бағыттарында жобалар іске асырылып, дайын өнімдер аудандық жәрмеңкелер арқылы тұрғындарға ұсынылуда.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Осы айдарда

Back to top button