ШҚОҚоғамҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда полиция тағы бір жедел-алдын алу іс-шара жүргізуде

Өскеменде «Түнгі қаланы кезген балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Тәртіп сақшылары үш күн бойы рейд жүргізіп, жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүрмеулеріне қадағалау жасайды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері балалардың құқықтарының бұзылуы, балалар еңбегін пайдалану, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекеттерге тарту фактілерін анықтайды. Түрлі ойын-сауық мекемелерінде жүрген жеткіншектерді де ұстап, ата-аналарын жауапкершілікке тартады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button