
Заңды тұлғалардың мүлік және жеке табыс салығының белгілі бір бөлігі аудандардың қосымша трансферттері арқылы төртінші деңгейлі бюджетке аударылғаны жөн. Мұның бәрін Үкімет өңірлер арасындағы алшақтықты реттеуді көздейтін Аймақтық стандарттар жүйесімен ұштастыруы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, экологиялық төлемдер мәселесі де өзекті болып отыр.
Бірқатар өңір тұрғындары үшін экологиялық айыппұлдарды толық төлеу аса өзекті мәселе. Өндіріс орындары экологияға шектен тыс зиян келтіретін елді мекендер тұрғындары мұндай төлемдердің бір бөлігі жергілікті бюджетке түскенін қалайды. Олар бұған толық құқылы, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пайымынша, бұл салаға жүйелі өзгерістер қажет.
Байқалған теңсіздікті реттеп, мемлекеттік саясаттың ашықтығын, тиімділігі мен әділдігін қамтамасыз ету үшін біз салық-бюджет үдерістерін жүйелі түрде жетілдіре береміз. Бұл – Үкімет жұмысының маңызды бағыты.
Үкімет өңірдегі бюджет деңгейлері арасында қазынадан қаржы алуға лимит қою мәселесін қарастыруы керек, – деді Президент.
Айта кетейік, Президент төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыруды тапсырды.
https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-salik-byudzhet-uderstern-zhetldruge-katisti-brkatar-usinis-aytti-0a444f/



