ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да суға батып кеткен балықшының денесі табылды

16 маусымда Глубокое ауданының Белоусовка ауылындағы көлден жуырда суға батып кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, құтқарушылар 11 маусымда суға батып кеткен 1979 жылғы азаматтың денесін тапты. Ол дасымен бірге балық аулауға барған. Біраз уақыт өткеннен кейін ол досының көз алдынан таса болған. Досы оның орнында жоқ екенін байқап құтқарушыларға хабарласқан. Бірнеше күн сүңгуірлер су астын, ал құтқарушылар жағалауды сүзген. Марқұмның денесі 2-3 метр тереңдіктегі су түбінен табылды.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button