Абай облысыТОП

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес, тәртіптік істер мен құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысты барлығы 6 мәселе қаралды.

Атап айтқанда, отырыс барысында Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне қатысты материалдар қаралды. Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жеке ұйғарымына сәйкес, аталған басқармада мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде бірқатар рәсімдік кемшіліктерге жол берілгені анықталған.

Тергеп-тексеру нәтижесінде қызметкерлердің әрекеттерінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 207-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар екені расталып, уәкілетті орган тарапынан әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды.

Сонымен қатар, кеңес отырысында профилактикалық бағыт бойынша облыстық мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды. Атап айтқанда, Абай облысы Білім басқармасының басшысы 2025 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы атқарылған жұмысының нәтижелері туралы есеп берді. Сонымен бірге, Көкпекті ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі жұмысының қорытындылары тыңдалды.

Бұдан бөлек, Департаментпен Абай облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының 2025 жылдың 3-тоқсанында атқарылған жұмыстарына жасалған талдаудың қорытындысы қаралды.

Әрбір мәселе бойынша кеңес мүшелері егжей-тегжейлі талқылау жүргізіп, болашақта іске асыруға арналған бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button