Абай гарнизонында қысқы маусымға дайындық жұмыстары басталды

Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жүргізіледі.
Аталған іс-шаралар шеңберінде 54835 әскери бөлімінің жеке құрамы да белсенді түрде қатысуда. Әскери қызметшілер жоспарға сәйкес қару-жарақ пен техникаға техникалық қызмет көрсетіп, ақауларын анықтап, қажет жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, жанармай және майлау материалдары ауыстырылып, жылыту жүйелері тексерілуде.

Әуе базасында орналасқан бөлім жеке құрамы авиациялық техникаларды қысқы маусымға дайындау жұмыстарына да ерекше назар аударуда. Атап айтқанда, тікұшақтардың қозғалтқыштары, электр жүйелері мен навигациялық құрылғылары тексеріліп, климаттық жағдайларға сай реттелуде.
Қысқы кезеңге дайындық – әскери бөлімдердің жауынгерлік қабілетін сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды кезеңдердің бірі. Аталған жұмыстар белгіленген мерзімде толық аяқталып, техникалар қысқы жағдайларда сенімді жұмыс істеуге дайын болады деп жоспарлануда.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі



